Алматының Алғабас ауданында бірден бес подъезд қоршауға алынды

79

Алматыда Алғабаста бес үйдің подъезі қоршалып, карантинге алынды. Олар енді коронавирус инфекциясының ошақтары болып саналады, деп хабарлайды zakon.kz.

Карантинге алынған үйлердің подъезі мына мекен-жайларда орналасқан:

Зерделі, 43;

Зерделі, 64;

Зерделі, 130;

Зерделi, 34;

Зерделі, 61/160.

Бұған дейін осы ықшамауданның бір тұрғын 34-үйдің подвалында «City Bar» дәмханасы күн сайын таңғы 4-5-ке дейін еш алаңсыз жұмыс істеп жатқанын айтқан. Төтенше жағдай мен карантинге де қарамастан.

Осы кафеден удай мас болып адамдардың шығып келе жатқанын, төбелескендерін, айқай-шуын түсірген фото мен видеолар жеткілікті. Оның үстіне мұннан шыққан бетте мастар балаларға арналған ойын алаңына кіші дәрет сындырған жайттар да болған, – деді ол.

Алматыда коронавирус инфекциясы ошақтарының саны 101-ге жетті. Зерделі ықшам ауданы орналасқан Алатау аймағында 15 індет ошағы анықталды.