Арыстағы оқ-дәрілерді жою кезінде 1,7 миллиард теңге ұрланған

105

Экономикалық тергеу департаменті «Қазтехнология» АҚ 1,7 миллиард ұрлау дерегіне қатысты тергеу жұмысатырын бастады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазтехнология» АҚ Арыс және Отар әскери бөлімдерінде әскери құрылғыларды сатуда, сынықтар мен металл сатуда 1,7 миллиард теңге ұрланғаны туралы дерек анықталды», – дейді Нұр-Сұлтан қаласының экономикалық тергеу департаменті тергеу бөлімінің басшысы Болат Қамитов.

«Қазтехнологияға» қатысты қылмыстық істің кезеңі ұзақ – 2013 жылдан бері. Алайда біз тергеуді енді бастағандықтан ақпаратты жариялауға болмайды», – деді Болат Қамитов.

«Қазтехнология» АҚ оқ-дәрілерді жою және патрон шығарумен айналысады. Компанияның жалғыз акционері «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы.