Асқар Жұмағалиев жаңа қызметке тағайындалды

21

Елбасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевті Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындады деп хабарлайды Ақорда.

«Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі  болып тағайындалсын. Ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын», – деп жазылды жарлықта.

Айта кетейік, осыған дейін Бейбіт Атамқұлов сыртқы істер министрі болып тағайындалған болатын.