
Асхат Айтмағамбетов білім және ғылым министрі болып тағайындалды.
Ол 2019 жылдың 17 қаңтарынан бері Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметінде болып, әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелерімен айналысты.
Сондай-ақ, Айтмағамбетов осыған дейін білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.
Асхат Айтмағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Жоғары екі білімі бар. 2012 жылдан бастап мемлекеттік қызметте болды. Түрлі жылдары Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы болды.