Асқар Мамин Премьер-министр қызметін сақтап қалды

24

Асқар Мамин ҚР Премьер-министрі қызметін сақтап қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Мәжіліс отырысында белгілі болды. Оның кандидатурасын Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды.

Мамин Асқар Ұзақпайұлы Қазақстан Республикасының Премьер-министрі қызметіне тағайындау туралы қаулы жобасын дауыс беруге ұсынамын. Дауыс беріңіздер. Экрандағы нәтижелер: 99 қатысушы, 78-і – қолдады, 21-і – қалыс қалды. Шешім қабылданды, қаулы қабылданды, – деді Нұрлан Нығматулин.

14 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары сайлауынан кейін болашақ премьер-министрдің кандидатурасына қатысты сөз қозғады.

Менің ойымша, сабақтастықты сақтау керек. Барлық қиындықтарға қарамастан, Үкімет өз жұмысын қалтқысыз атқара білді. Барлық басқа елдермен салыстырғанда, біздің нәтиже – жаман емес. Егер Президент Премьер-министр лауазымына Асқар Ұзақпаұлы қандидатурасын ұсынса, онда мен фракциядан оны қолдауларын сұраймын, – деді Елбасы.

Асқар Мамин 1965 жылы Нұр-Сұлтанда (Целиноград) дүниеге келген. 1987 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 2003 жылы Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын бітірді.

2019 жылдың 25 ақпанынан бастап ол Қазақстанның Премьер-министрі.