Асқар Мамин «Қорғас – Шығыс қақпасына» барады – Ел жаңалықтары

63

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматы облысына барды. Ол Қазақстанның Қытаймен шекарасында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» ауқымды жобасының бір бөлігі – «Нұр жолы» өткізу пунктінің жұмысымен танысады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Сонымен қатар көлік-логистикалық кешеннің дамуымен және сауда ынтымақтастығын іске асырумен танысу мақсатында «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағына және «Қорғас» Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығына барады.

Талдықорған қаласында премьер-министр бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына барады, олардың мысалында азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысады.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz