«Астана» айды аспанға шығара ма, әлде?..

23

Еуропа лигасы плей-оффының қарымта кездесуінде «Астана» бүгін сырт алаңда белорустардың БАТЭ-сімен ойнайды.

Кездесу бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23:00-де басталады.

Борисов қаласындағы «Борисов-Арена» стадионына 13 126 көрермен сияды. Төрешілер – Бобби Мадден бастаған шотландиялық бригада, көмекшілері Дуглас Росс пен Дэвид Рум, резервтегі рефери – Дональд Робертсон.

Матчты тікелей эфире Qazsport телеарнасы көрсетеді.

«Астана» мен «БАТЭ» арасындағы Нұр-Сұлтанда өткен бірінші кездесу 3:0 есебімен қазақстандықтардың пайдасына шешілген.