Астанада көпбалалы ана көмек алу үшін чат-ботқа жаза алады – Ел жаңалықтары

50

Астана әкімдігі Telegram-да чат-ботты іске қосты. Бұл арқылы көпбалалы аналар сауалнаманы толтырып, әкімдік өкілдерінен қандай көмекке мұқтаждығын жаза алады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Чат-бот көпбалалы отбасылар қорын құру үшін жасалды. Біз көп балалы жанұяның есеп-қисабын жүргіземіз, бірақ барлығын есептемейміз. Себебі олардың арасында Астанада тіркелмегендері де бар, бірақ оларға көмек көрсетуіміз керек. Көбі білмейді, әкімдік мұқтаж отбасыларға көмір, киім-кешек, әлеуметтік азық-түлікпен көмектеседі. Егер сіз көпбалалы отбасы болсаңыз және әкімдікке келіп сауалнама толтыра алмасаңыз, бізге чат-ботқа жазсаңыз болады. Оны қолдану ыңғайлы және уақытыңызды үнемдейді», – деді Астана әкімдігінің баспасөз қызметкері Эльвира Жүргенбаева. 

Telegram-дағы чат-бот @qoldaubot деп аталады. Бөлек бір бағанда аналар өз қиыншылықтарын жаза алады, олар  жұмыссыздық мәселесі, азық-түлік жетіспеушілігі, киім немесе көмір жоқтығы, балалардың балабақша немесе мектепке қабылданбауы сынды мәселелерді жазып жіберуге болады.

«Түскен анкеталардың әрқайсына көмек жоспарын жасаймыз. Қолымызда бар ресурстарды ескере отырып көмектесеміз. CRM-жүйе арқылы ақпарттарды өңдейміз, одан кейін жұмыспен қамту қызметкері оларға хабарласады», – деді Эльвира Жүргенбаева.

Чат-боттың көмегімен мемлекеттік жәрдемақылар туралы ақпаратпен танысып және оны алуға болады. 

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz