Астанада оқушы бес күннен бері іздестіріліп жатыр – Ел жаңалықтары

57

Астанада бесінші тәулік оқушы Болат Қожамжарды іздестіруде, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалада 10-сынып оқушысының суреті бейнеленген парақшалар таратылған.

«Мен оның жоғалып кеткеніне сенімдімін. Біз оның қайда екенін білмейміз. Алғашқы үш күн бойы оның ұялы телефонына хабарласа алмадық. Ал дүйсенбі күні телефоны өшіп тұрды. Ол жұма күні түстен кейін шығып кеткен. Сыныптастары оны компьютер клубында көрген екен. Олардың айиуынша, ол компьютер ойнап болғаннан кейін: «Мен үйге кеттім, қайтуым керек» деп айтқан. Бірақ ол үйге келмеді», – деді оқушының анасы. Оған қоса, анасының сөзінше ол ешқашан үйден кетпеген.

Астана қаласы департамент полициясының баспасөз қызмет өкілдері оқушының жоғалу дерегі бойынша және оның қай жерде жүргені туралы іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

Болат Қожамжарды іздеуге сыныптастарының ата-аналары да қосылған.

«Ол ешкіммен ұрыспайтын, тыныш оқушы болатын. Соңғы рет ол компьютер клубында болған. 8 ақпан 19.30-да онымен басқа балалар сөйлескен. Ол сыныптастарына сол күні: «Менің ойнау уақытым 20.00 дейін төленген. Одан кейін мен үйге қайтамын» деп айтқан. Сосын ол жоғалып кетті. Ешкім оны көрмеді. Бесінші тәулік болды. Бұл дұрыс емес жағдай», – деді  Динара Қайдарова сыныптас оқушының анасы.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz