Астанада төбелескен бес полицей жұмыстан босатылды – Тосын жай

56

Төбелеске қатысқан бес полицей ішкі істер органындарынан босатылды. Бұл туралы Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Төбелеске қатысқан бесеуі – екі инспектор және үш жол патрульдік полиция қызметкерлері ішкі істер органдарынан босатылды», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Тексеріс нәтижесінде, жол-патрульдік полиция рота командирі атқарып отырған қызметіне босатылғаны, ал жол-патрульдік полиция басшылығы тәртіптік қатаң жауапкершілікке тартылған.  

Осыған дейін, ҚР Ішкі істер министрлігі Желіде пайда болған видеоға байланысты қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбада екі жол полицейі қарым-қатынастарын төбелес арқылы шешкен. Дәл сол уақытта олардың маңында әріптестері төбелеске араласпай, қарап тұрған.

Видеода былапыт сөздер бар!

Алмас Садубаев полиция қызметкерінің кез келген қызметтік тәртібін бұзатын жат қылықтың дұрыс емес екенін айтты.

«Бұл жағдайлар біздің абыройымызды өсірмейді. Полицейлер төбелескен видеоға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Оларға және басшыларына заңда көрсетілген шаралар қолданылады. Тексерудің нәтижесін жариялаймыз», – деді ведосмтвоның ресми өкілі.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz