БҚО-да автожолда бірден жеті жүк көлігі соқтығысты – Тосын жай

17

Қазақстанның батысында Самара – Шымкент автожолында бірден жеті жүк көлігі соқтығысты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Мой ГОРОД» басылымына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 29 қаңтарда сағат 11.40-та автожолдың 344-шақырымында болған.

«Тасжолда жеті жүк көлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасына алдағы көлік құралының тоқтап қалуы себеп болған. Қазіргі уақытта көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен «Қазавтожол» ЖШС өкілдері жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Басылымның мәліметінше, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz