Бас прокуратура заңсыз митингке шақыруға байланысты мәлімдеме жасады

127

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев қазақстандықтарға митингіге шақырудың жауапкершілігі туралы еске салды. Үндеуді бүгін Бас прокуратура ресми сайтында жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қадағалау ведомствосының мәліметінше, әлеуметтік желілерде 2019 жылғы 9 бен 10 маусымда рұқсат етілмеген митингілердіұйымдастыру мен қатысуға шақырутарайды екен.

Қоғамдық тәртіпті, халықтың өмірі менденсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етумақсатында Бас прокуратурада заңнаманыңкелесі нормаларына назар аударылады.

Митингілерді ұйымдастыру және өткізутәртібі «Қазақстан Республикасында бейбітжиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттержәне демонстрациялар ұйымдастыру менөткізу тәртібі туралы» ҚазақстанРеспубликасының Заңымен реттеледі.

Мұндай ісшаралар алдын ала хабардар етіліп, халықтың тыныстіршілігін қамтамасыз етуобъектілерінің қалыпты жұмыс істеуіне кедергікелтірмейтін, арнайы бөлінген орындардажергілікті атқарушы органдардан рұқсат алуарқылы жүргізілуі тиіс.

Рұқсат етілмеген науқандарға шақыру, ұйымдастыру әрекетіне әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-бабыбойынша іс қозғалады.

Егер бұл ісәрекеттер айтарлықтай залалтигізсе, кінәлілер Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша жауапқа тартылады.

Бас прокуратура азаматтарды заңды түрде әрекететіп, арандатушылыққа ұрынбай, заңсызнауқандарға қатыспауға шақырды