Берік Құрманғали Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

37

Берік Құрманғали Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Берік Уәлиұлы Құрманғали Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды», – делінген Мемлекет басшысының Өкімінде.

Бұл қызметте болған Айдос Үкібайдың басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметінен босатылғаны айтылады.


Дереккөз: kaz.tengrinews.kz