Бір тәулікте Алматыда КВИ-дің 145 жаңа дерегі тіркелді: 127-сі – медицина қызметкерлері

61

Алматыда 21 сәуірдегі жағдай бойынша, COVID 19 диагнозы қойылғандардың жалпы саны 669 болды, соңғы 24 сағат ішінде қалада 145 жаңа жағдай анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның 104-і – Орталық қалалық клиникалық аурухананың, 12-і – N12 қалалық емхананың, 11-і – қалалық паллиативтік көмек орталығының қызметкерлері және 18-і олармен байланыста болғандар.

Бүгінгі таңда жұқпалы аурулар стационарларында 577 адам коронавирустан емделіп жатыр, оның біреуі Алматы облысынан келген науқас.

Екі науқастың жағдайы өте ауыр, алтауы – ауыр, 168 жағдай – орташа ауыр, ал қалғандары қанағаттанарлық деңгейде.

88 науқас коронавирус инфекциясынан емделіп, жазылды.

Уақытша ауруханаларда – 452 адам, карантиндік ауруханаларда- 352 адам, 9950 адам үйінде оқшауланған.