Бүгін «биліктің бұлбұлы» Ертісбаев атышулы Әблязовпен айтысады

46

«Бүгін Ермұхамет Ертісбаев пен Мұхтар Әблязов арасында баттл (дебат, жекпе-жек) болады», дейді саясаттанушы Ерлан Сайыров.

– Елдің саяси тарихы үшін бұл кездесудің маңызы зор. Бір-біріне қарама-қайшы саяси күштердің өкілдері халық алдында ашық түрде айтысады. Екеуі екі бөлек саяси әлемнің өкілдері. Қиын әңгіме болады. Бірі-бірі сояды олар. Бұл жақсы оқиға – ұлттық диалогтың басы. Олар бір-біріне сырттай өштескенше, бірін-бірі эфирде боқтағаны артық бізге. Меніңше, осындай сөйлесу каналдарының көп болғаны жақсы. Митинг жасап көшеде төбелескенше, эфирде жұлыссын. Сонда бір-бірімізді тыңдауды үйренерміз. Елде «еститін» мемлекет орнап келеді. Осы шоуды ұйымдастырғаны үшін «Политон» дискуссиялық клубына рахмет, – дейді ол.

Бүгін «POLYTONE» клубында!
Сағат 17.00-де
Тікелей эфирде 
Саяси көзқарастары мен иделогиялары екі бөлек екі «қошқардың» аяусыз айтысы.
Тақырыбы: «Назарбаев Қазақстан үшін кім болды».