Депутаттар Денсаулық сақтау министрі қызметіне Біртановты бекітті – Ел жаңалықтары

73

Мәжіліс депутаттары Денсаулық сақтау министрі қызметіне Елжан Біртановтың кандидатурасын бекітті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

«Біз тек әңгімелесуден өттік, әзірге осыны ғана білеміз. Нәтижесін білмейбіз, бірге күтейік. (…) Комитет мақұлдады», – деді Елжан Біртанов Мәжіліс кулуарында. 

2017 жылы қаңтарда Елжан Біртанов Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып жұмыс істеді.

Елжан Біртанов әр жылдары Алматыдағы жедел медициналық жәрдем ауруханасының дәрігер-реаниматологы, Республикалық токсикология орталығының басшысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас токсикологы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту институты» РМК директоры, ҚР премьер-министрінің кеңесшісі, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, «Ұлттық медициналық холдинг»АҚ-ны басқарды.

2017 жылы 25 қаңтарда Мемлекет басшысының сайтында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігін Еңбек және халықтыәлеуметтік қорғау министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігіне бөлу туралы өкім жарияланды. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz