Димаш «Жыл әншісі»

25

Димаш Құдайберген Шанхайда өткен The Silk Road Cohesion Awards 2018 халықаралық кинофестиваль шеңберінде «Жыл әншісі» атағына ие болды. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «The Silk Road Cohesion Awards 2018» халықаралық марапат кешінде «Жыл әншісі» және «Ұлы Жібек жолы» елдерінің шешімімен » Жібек жолының мәдени елшісі» деген марапаттар алып, мереке қарсаңында сыйға бөлендім. Қуаныштымын. Әр жеңісім отаным үшін, барлық тыңдармандарым үшін. Шанхай қаласы. Мереке құтты болсын тағы да!», – деп жазды Димаш Құдайберген.