Елімізде 33 градусқа дейін ыстық болады

63

«Қазгидромет» өкілдері 18-20 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, батыс және солтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашын жауып, жел соғады.

«Қазақстанның қалған өңірлерінде жауын-шашын болмайды, ауа температурасы 20-28 градус жылы болса, оңтүстікте 25-33 градус ыстық болады. Кейбір аумақтарда тұман түсуі мүмкін», – делінген хабарламада.