
Елорда елтаңбасындағы «Астана» жазуы «Нұр-Сұлтан» деп өзгертіледі. Мұндай шешімді бүгін Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық кеңесі қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Отырыста Нұр-Сұлтан қалалық тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасы бастығының орынбасары Сәкен Есіркеп ҚР Президентінің «ҚР астанасы Астана қаласын ҚР астанасы Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы» 2019 жылғы 23 наурыздағы №6 Жарлығы мен 2007 жылғы 21 шілдедегі «ҚР астанасының мәртебесі туралы» Заңның 3-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық кеңесінің қарауына «ҚР астанасы Астана қаласының рәміздері туралы» Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 5 маусымдағы №109/16-4.4 шешіміне өзгерістер туралы шешімнің жобасын ұсынды.
«Елорда елтаңбасындағы «Астана» деген жазуды латын әрпіндегі «Нұр-Сұлтан» деген жазумен ауыстыру туралы ұсынысты қолдауларыңызды сұраймыз. Елтаңбадағы бұрынғы «Астана» деген жазу латын әрпіндегі «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ғана ауысты. қалған элементтердің барлығы сақталады», -деді С.Есіркеп.
Қоғамдық кеңес мүшелері бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.