Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды – Футбол

29

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері болып 53 жастағы чех маманы Михал Билек тағайындалды, – деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан Футбол Федерациясының сайтына сілтеме жасап.

«Михал Билектің жаттықтырушылар штабына енгендер: көмекшілері – словакиялық Михал Хипп және Талғат Байсуфинов, қақпашылардың жаттықтырушысы – Николай Родионов.», – делінген федерацияның сайтында.

Михал Билек 1965 жылы 13 сәуірде дүниеге келген. Футболшы кезінде Чехословакия және Чехия құрамаларының жартылай қорғаушысы болған. Жаттықтырушы қызметін чехиялық «Теплице» клубында бастады. Сонымен қатар, «Картахинес» (Коста-Рика),»Хмел», «Виктория Плзень», «Спарта Прага», «Высочина» (барлығы – Чехия), «Ружомберок» («Словакия»), «Динамо Тбилиси» (Грузия) футбол клубтарын жаттықтырды. Соңғы жұмыс орны – чехиялық «Фастав Злин» командасы.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz