Google байқауының алматылық жеңімпазы Еркебұлан Бердібеков қайтыс болды – Ел жаңалықтары

63

Алматыда Еркебұлан Бердібеков қайтыс болды. Оның еңбектерін Google лайықты деңгейде бағалаған болатын, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Туыстарының айтуынша, ол 12 ақпанда қайтыс болған. Жігіт алматылық ауруханада аурудан көз жұмған. Оның жасы 30-да болған. 

Еркебұлан Бердібеков – Қазақ-Британ техникалық университетінің түлегі. Ол машинамен оқыту мәселелерін зерттеумен айналысқан. 2017 жылы қарашада ол Google Brain өткізген Kaggle-дегі DataScience нейрон желілер бойынша зерттеу жарысының жеңімпазы атанды.

Қазақстандық нейрожелілер бойынша Google байқауында үздіктердің бірі атанды.

Айта кетейік, Google Brain – Google зерттеу жобасы. Онда компьютерлік оқыту саласындағы ашық зерттеулер мен Google ауқымындағы есептеуіш қуаттармен үйлеседі.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz