Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды

55

Қызылорда облысының әкімі болып Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын», – делінген Президенттің бұйрығында.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылды.

Бұған дейін Желіде Қуанышбек Ысқақов ұсталды деген хабарлама тараған болды.

Хабарламада экс-әкім, оның көмекшісі, бизнесмен туысы және тағы бір кәсіпкердің ұсталғаны туралы айтылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері бұл ақпаратты әзірге растаған жоқ.