Хакерлер Астана әуежайының сайтын он сағатқа істен шығарды – Ел жаңалықтары

40

Хакерлер Астанадағы «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының сайтын бұзып, біршама уақытқа істен шығарды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«2019 жылы 3 наурызда сағат 00:37-де Астана әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалып, сайт уақытша істен шықты. Шабуылдың жасалғаны туралы талдау және кибершабуылды зерттеу орталығының WebTotem мониторингтік жүйесі арқылы анықталды», – делінген хабарламада.

«Таңғы сағат 10.20-да сайт қалпына келтірілді және штаттық режимде жұмыс істейді. Бұзу нәтижесінде сайттың онлайн-таблосына ғана кіру мүмкіндігі болған жоқ, әуежай жұмысына әсер еткен жоқ», – деді әуежайдың баспасөз қызметі.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz