
Нұр-Сұлтандағы Мемлекеттік академиялық филармонияның (бұрынғы «Конгресс-Холл») бұрынғы директоры Сәкен Әбдірахманов 1,8 миллиардтан аса теңге жымқырды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Елордалық сотта мемлекеттік академиялық филармонияның бұрынғы директоры Әбдірахмановқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, ол тергеу нұсқасы бойынша өзінің қоластындағылармен қылмыстық топ құрған», – деді Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов.