Коронавирустың бес жаңа дерегі тіркелді: екеуі Қарағандыда

57

Қазақстанда коронавирустық инфекцияның бес жаңа дерегі тіркелді: Алматыда – үшеу, Қарағандыда – екеу, деп хабарлайды zakon.kz.

«Коронавирустық инфекцияның тағы 5 жағдайы анықталды. Бүгінгі таңда республикамызда коронавирустың 49 жағдайы расталды, оның 22-і – Алматыда, 25-і – Нұр-Сұлтанда, екеуі – Қарағандыда», деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.