Куәлігінен айырылса да көлік рөліне отыра беретіндер енді қамауға алынады

57

Мәжіліс депутаттары Бас прокуратураға сауалжолдады, деп хабарлайды Zakon.kzkolesa.kzке сілтемежасап.

Сауалда айтылғандай, соңғы екі жылда елімізде 90 мыңғажуық адам жүргізуші куәлігінен айырылған.

Сөйте тұра куәлігінен айырылғандар тарапынан 15 мыңнанастам әкімшілік және қылмыстық заң бұзушылық жасалған. Депутаттардың сөзінше, куәлігінен айырылғандар сот шешімін орындамай, көлікке қайта отырып, өзгелердіңөміріне қауіп төндіруін қояр емес.

Сауалға жауап қайтарған прокурорлар қазіргі қолданыстағызаңның жеңіл екенін, ереже бұзушыларды онша қаттықорқытатындай емес екенін мойындады.

ӘҚбК 612 бабы 3 бөлігі (көлік жүргізу құқығынанайырылған жүргізушінің көлік құралын басқаруы) бойыншажаза тым жеңіл, тек 10 АЕК көлемінде (25 250 теңге) айыппұл көзделген. Соған байланысты бұл бап бойыншажазаны күшейту қажеттігі туындап отыр, балама жазаретінде қамауға алуды енгізуге болады, – деп хабарлады бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов.