Маңғыстау облысындағы кен орнында ереуілге шыққандардың талабы орындалатын болды

56

Маңғыстау облысының әкімдігі Қарақұдық және Солтүстік Бұзашы кен орындарындағы жұмысшылардың ереуіліне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

«Биыл 23 қыркүйекте «Синопэк Қазақстан» кәсіпорны ақтаулық филиалының 100-ге жуық қызметкері сағат 17:00 шамасында Қарақұдық және Солтүстік Бұзашы кен орындарында жұмысты тоқтатып, жалақыны 100 пайызға өсіруді талап етті», – делінген ведомство хабарламасында.  Әкімдіктің мәліметінше, жұмыс беруші мен еңбек ұжымының бастамашыл тобының келіссөздері 24 қыркүйекте күні бойы жалғасқан. «Келіссөз нәтижесі бойынша, сағат 20:00-де барлық қызметкер жұмысқа шықты. Тараптар келесі шешімге келді: жалақы мөлшерін «М-Техсервис» ЖШС Маңғыстау филиалының жалақысымен бір деңгейге келтіру (компания Солтүстік Бұзашы кен орнындағы осындай жұмыс түрімен айналысады)», – деп жазылған әкімдік хабарламасында.
Kaz.tengrinews.kz