Нұр-Сұлтан тұрғындарынан жылжымайтын мүлік құжаттарын өзгерту талап етілмейді – Ел жаңалықтары

57

Нұр-Сұлтан тұрғындарына астана атауының өзгеруіне байланысты жылжымайтын мүліктің құжаттарын өзгерту қажет емес, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

«Астана атауының өзгеруі азаматтарға жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін келесі құжаттарды – сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау шарты, пайдалануға қабылдау актілері және басқа да құжаттарды, сондай – ақ, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы құжаттарды – туу, қайтыс болу, неке қию/бұзу туралы куәлік және тағы басқаға ауыстыру міндеті жүктелмейді», – делінген хабарламада.

Осылайша, құжаттарда астананың бұрынғы атауының көрсетілуі олардың жарамсыздығына әкеп соқпайды.
Өз кезегінде, Әділет министрлігінің ақпараттық жүйелерінде елді мекеннің атауы Астана қаласынан Нұр-Cұлтан қаласына автомат түрде өзгертіледі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдары, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен ұйымдар мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құжаттарды бұрынғы тәртіппен қабылдайды. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz