Нұрсұлтан Назарбаевқа ЕАЭО жұмысына тексеру жүргізу ұсынылды

98

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Еуразиялық экономикалық одақ жұмысына тексеру жүргізу ұсынылды.  Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко айтты.

«Шағын құрамдағы отырыс барысында мен Нұрсұлтан Әбішұлына одақ аясында біздің не істегенімізге нені істей алмағанымызға тексеру жүргізуді ұсынған едім. Біздің комиссиялардың  кадрлық құрамынан бастап, қызметіміздің стратегиялық бағыттарына дейін. Міне осы жерде ол бізге баға жетпес көмек көрсете алады. Мұны кеше Қазақстанның Президенті болып, кейін өкілеттігін тоқтатқан адамға сыйлық деп ойламау керек. Біз одан одағымыз үшін қажетті көптеген дүниенің барлығын «сығып» ала аламыз», – деді А.Лукашенко.

Сонымен қатар, Беларусь Президенті ҚР Тұңғыш Президенті  – Елбасының жанында білікті мамандардың көп екендігін баса айтты.

«Олар Елбасы Президент болған кезде өте  байыпты жұмыс атқарды.  Және біз оларды жоғалтып алмауымыз керек», – деді ол.

Айта кетейік, кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, РФ Президенті Владимир Путин, Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, сонымен қатар Молдова Республикасының Президенті Игорь Додон ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекеттің басшысы ретінде, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон құрметті қонақ ретінде қатысты.

inform.kz