Олжас Сүлейменов: Алматы қаласының әкімі мен Қарасай ауданындағы қоқыс полигонының иесін сотқа беру керек (видео)

63

Бүгін  ел  ордасы Нұр-Сұлтан  қаласындағы «RIXOS» қонақ  үйінде   «Байтақ – Болашақ» Республикалық экоальянсының  ұйымдастыруымен  «Қазақстандағы   су  мәселелерінің  жағдайы  және  оны шешу  жолдары»  атты III  Халықаралық экологиялық конгресс  өткені  белгілі.

Конгресс  жиынына  «Байтақ-Болашақ»  экоальянсының  құрметті  президенті  Олжас Сүлейменов Алматы  қаласының  әкімі  мен Қарасай ауданындағы  қоқыс полигонының  иесін  сотқа  беру керек  дегенді айтты. Еске  сала кететін  болсақ,  осыдан біраз  бұрын аталмыш аудандағы  ірі  қоқыс  полигоны  өртенген  болатын. Осының  салдарынан қоршаған  ортаға  зиян келіп, улы түтін  Алматы  қаласына таралған. Олжас  Сүлейменовтың айтуынша әкім де,  полигон  иесі де  жауапсыздыққа  жол  берген.