Оқушылар еден жуа ма? Министр тоқетерін айтты

42

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Желіде мектеп оқушыларына еден жуғызу туралы қызу талқы жүріп жатқанына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БҒМ басшысы күн тәртібінде оқушыларды тазалық жұмыстарына тарту тұрмағанын және «мұндай тәжірибе мемлекет деңгейінде іске асырылып жатпағанын» атап өтті. «Сыныптарды тазалау ерікті түрде және ата-анасының рұқсатымен жүзеге асады. Ел мектептерінде әкімшілік-техникалық персонал ұстау қарастырылған», – деп жауап берді министр журналистердің сұрағына.  Асхат Аймағамбетов педагогтар ата-аналарға балаларды еңбекке тартуға және жасына сәйкес белгілі бір жұмысты орындауға ұсынатынын атап өтті. «Мысалы, оларға үй шаруашылығы бойынша белгілі бір жұмысты тапсыру өте пайдалы. Мектептерде еңбекке баулу оқу-тәрбие үрдісі аясында жүзеге асырылады, онда бұл міндет әр түрлі іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, тыйым салу жоқ, өз еркімен және ата-анасының келісімімен оқушы сыныптарды немесе мектеп аумағын тазалау және тазалау бойынша бастамаға қосыла алады», – деді білім және ғылым министрі.

Kaz.tengrinews.kz