Оралда шенеунік кабинетінде асылып қалған – Тосын жай

48

Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және индустриалды даму басқармасы басшының орынбасары кабинетінде асылып қалған, – деп хабарлайды «Мой ГОРОД».

Полицияның мәліметінше, Кәсіпкерлік және индустриалды даму басқармасы ғимаратында ер адамның денесі табылғаны жайлы хабар кезекші бөлімге 5 наурызда шамамен сағат 21.00-де түскен.

«Кәсіпкерлік басқармасы басшысы орынбасарының денесі қызметтік кабинетінде табылды. Өлімінің себебі – механикалық асфиксия. Ешқандай хат табылмады. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады полициядағылар.

Ведомствоның баспасөз қызметіндегілер ер адамның денесінде зорлық белгілері болмағанын айтты.

30 жастағы Хасен Тоясов бұл қызметке 2018 жылдың қазанында келген. Кәсіпкерлік басқармасындағылар бұл деректі растап, көңіл айтады.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz