«Қаламқас» кен орнында шыққан өрттің видеосы жарияланды – Тосын жай

60

Желіде Маңғыстау облысындағы «Қаламқас» кен орнында шыққан өрттің видеосы пайда болды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ҚР ТЖ комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтың айтуынша, өңірлік ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне өрт туралы хабар 25 наурызда таңғы 07:10-да түскен. 

«Маңғыстау ауданында «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ «Қаламқас» кен орнындағы мұнай ұңғымасында 900 шаршы метр алаңда биіктігі 10 метр грифонның газ су аралас ашық отпен лаулаған. Зардап шеккендер және қаза тапқандар жоқ», – деп хабарлады Нұрахметов. 

«Өрт сөндіруге мемлекеттік емес «Семсер Өрт сөндіруші» және «Қаражанбас» өрт сөндіру компанияларының 14 жұмысшысы мен төрт арнайы техника жұмылдырылған. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz