Қарағанды облысында әскери ұшақ құлады

63

Қарағанды облысында әскери ұшақ құлады. Бұл ақпаратты ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растап отыр.

Министрліктің хабарлауынша, Қарағанды қаласының маңында жауынгерлік кезекшілікті атқаруға дайындық бойынша жоспарлы ұшуларды орындау барысында Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің МиГ-31 ұшағы апатқа ұшырады.

«Ұшқаннан кейін қозғалтқыштардың бірінде өрт шықты. Катапульттеуге команда алғаннан кейін әскери ұшқыштар ұшақты жерге қарай жіберді және халыққа ештеңе қауіп төндірмейтініне көз жеткізіп, экипаж катапульттелді. Ұшқыштар тірі. Қорғаныс министрінің бұйрығымен авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі комиссия тағайындалды. Оқиға орнына Қазақстанның Әскери-әуе күштері іздестіру-құтқару қызметінің жасағы келді», – делінген баспасөз қызметі жіберген хабарламада.