Қарағандыда травматология орталығынан өрт шықты – Тосын жай

51

Қарағандыда облыстық травматология және ортопедия орталығынан өрт шықты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК қызметіне сілтеме жасап.

Сәкен Сейфуллин көшесіндегі өрт туралы хабарлама 23.30-да келіп түсті.

«Өрт сөндіру қызметі келген сәтте «Х. Ж. Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығында» жиһаз, түрлі заттар, терезе блогы, тұрмыстық техника, ағаш қабырға мен 1-ші және 2-ші қабат арасындағы 20 шаршы метр алаң жанып жатқан», – делінген хабарламада.

ТЖК ақпаратына сәйкес, құтқару қалпақтары мен зембілдердің көмегімен 22 науқас ғимараттан шығарылды. Олар орталықтың негізгі бөліміне жатқызылды. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Өрт 00.16-да ауыздықталды. Оның шығу себебі анықталып жатыр. Өрт сөндіруге 52 ТЖК қызметкері мен 11 техника жұмылды.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz