Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына келді

57

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

Сапар барысында Қазақстан Президенті өнеркәсіп кәсіпорындарын аралап, өңірдің инфрақұрылымдық даму жоспарымен танысады.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың әлеуметтік және мәдени нысандарында болып, жұртшылық өкілдерімен және еңбек ұжымдарымен кездеседі.