Қазақстан чемпионатында гір көтеруде 13 жастағы оқушы жеңіске жетті – Спорт

66

Ақтаулық 13 жастағы мектеп оқушысы Мәлік Ахметов гір спортынан Қазақстан чемпионатының алтын жүлдегері атанды. Турнир 21-23 ақпан аралығында Ақтөбеде өтті, – деп хабарлайды «Лада» тілшісі. 

Жас спортшы ұзақ цикл бағдарламасы бойынша 123 қайталауды орындады (екі қолмен екі 16 келілік гірді кеудесіне көтеріп, ақырын түсіру). Сонымен қатар, ол турнирге алғаш рет қатысып отыр екен және 75 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қарсыластарының арасында ең кішісі болған.

Жарыс нәтижесі бойынша Мәлік маусымда Парижде өтетін әлем чемпионатына лицензия алды.

«Ол алға қойған мақсатқа жетті. Әрине, бұл ауыр жол, біз тынбай дайындалдық. «Маңғыстау Арена» спорт сарайының директоры Зейнулла Оңайбаевқа, қалалық білім беру бөліміне және № 1 мектеп директорына жаттығуға спорт залын бергені үшін алғыс айтамыз», – деді Маңғыстау облыстық гір спорты және армрестлинг федерациясы президентінің міндетін атқарушы Роман Исламғалиев.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz