Қазақстанда 444 адам коронавирус жұқтырды

65

Қазақстанда 444 адам коронавирус жұқтырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 12 адам тiркелдi, Солтүстік Қазақстан облысында – 3 адам, Атырау облысында – 1 адам, Түркістан облысында – 3 адам, Ақтөбе облысында – 2 адам», – делінген хабарламада.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 199 адам, Алматы қаласында – 91 адам, Қарағанды облысында – 21 адам, Ақмола облысында – 19 адам, Атырау облысы – 20 адам, Жамбыл облысында – 6 адам, Шымкент қаласында – 11 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 3 адам, Алматы облысында – 9 адам, Ақтөбе облысында – 7 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 14 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 26 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 14 адам, жалпы 444 науқас тіркелді.