Қазақстанда COVID-19 инфекциясының тағы 16 дерегі тіркелді

63

2020 жыл, 2 сәуір, сағат 08.20 уақытындағы Қазақстан бойынша коронавирустың эпидемиологиялық жағдайы жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Елімізде коронавирусты жұқтырудың тағы 16 жағдайы тіркелді: оның жетеуі – Нұр-Сұлтан, екеуі – Атырау облысында, алтауы – Қарағанды ​​облысында, біреуі – СҚО-да.

Жалпы республикамызда коронавирус инфекциясының 402 жағдайы расталды, оның ішінде:

Нұр-Сұлтанда – 191,

Алматыда – 90,

Қызылорда облысында – 25,

Қарағанды ​​облысында – 21,

Ақмола облысында – 19,

Атырау облысында – 18,

Алматы облысында – 9,

СҚО – 6,

Түркістан облысында – 5,

Жамбыл облысында – 5,

Ақтөбе облысында – 4,

Шымкентте – 3,

Шығыс Қазақстан облысында – 2,

БҚО-да – 2,

Павлодар облысында – 1,

Маңғыстау облысында – 1 жағдай.