Қызылорда облысында тағы 6 адам коронавирус жұқтырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сoronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам Қызылорда облысында тiркелдi.
«Қазақстандағы коронавирус бойынша 1 сәуірдің 11.50 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 184 адам, Алматы қаласында – 84 адам, Қарағанды облысында – 14 адам, Ақмола облысында – 16 адам, Атырау облысы – 16 адам, Жамбыл облысында – 3 адам, Шымкент қаласында – 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 8 адам, Ақтөбе облысында – 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 3 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 24 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 5 адам, жалпы 369 науқас тіркелді», – делінген хабарламада.