Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қашан болатыны айтылды

76

Қазақстанда қыркүйекте тұмау вирусымен қатар коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов отандық эпидемиологтармен өткен видеоконференция барысында айтты, – деп хабарлайды «Бірінші Еуразия арнасы».

Сарапшылардың айтуынша, қазақстандықтардың көбі тұмауға қарсы вакцина жасауы керек, бұл өте маңызды.

«Әзірше ешкім гипотезаны жоққа шығарып отырған жоқ. Жазда да бұл індет тарауы мүмкін, күзде де болады», – деді Асфендияров атындағы зерттеу жұмысы жөніндегі проректоры Бауыржан Жүсіпов.