Қазақстанда қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады

52

Әлемде коронавирустың таралуына байланысты Қазақстанда бұқаралық шаралар өткізілмейтін болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Twitter-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жазды.

«ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс» деп жазды Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы өз жазбасына: «Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз» деп қосты.