Қазақстанда Тенгри деген курорт-қала салу ұсынылды

65

Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында Тенгри деген курорт-қала салу туралы ұсыныс жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz LS-ке сілтеме жасап.

Қала үшін 2,6 мың га жер бөлінген. Ол жер телімі 2010 жылы «Жаңа-Іле» туристік орталығының жоспарына енген, бірақ онда сол күйі ештеңе салынбаған болатын.

Мәдениет және спорт министрлігі бұл ұсынысты талқылауға шығармақ. Шенеуніктер арнайы жұмыс тобын құрып, оның құрамына премьер-министрді, түрлі министрліктер мен Алматы облысы билігінің өкілдерін қосуды көздеп отыр.

Бұл жоба – республикалық туристификация картасындағы үздік 10 нысан тізіміне енген Алматы тау кластерінің бір бөлігі.

Жобаны жүзеге асыру туризмді дамытып, өңірдегі туристік индустрияның бәсекелігін арттырады.