Қазақстандағы су тазалығы алаңдатады. Бурабайға неге суға түсуге болмайды?

167

Экологиялық конгресте су мәселесі талқыланды 

Бурабайда шомылуға бола ма? Арал теңізінің қазіргі жағдайы қандай? Сорбұлақ көлі тоспасы жарылып кетуі мүмкін.

2019 жылы 27 мамырда НұрСұлтан қаласында«Байтақ болашақ» экологиялық альянсының (арықарай Экоальянс) III конгресі өтті. Бұл жолғы жиналыс су мәселесіне арналды.

Конгресті ашқан Олжас Сүлейменов:

Бізде үш нәрсені тазарту керек. Ол су, ауа, жер, деп Алматы қаласындағы миллиондаған тонна жарақсыз қоқыстардың үйіліп жатқанын, олардың өртеніп қала халқының тұрмысына кедергі келтіргенін еске салды.

Олжас Сүлейменов / Сурет informburo.kz

Аралдың құрып кетуіне Хрущев кінәлі

– Арал теңізіне Сыр дариясы мен Әму дария құяды. Бұл екі дарияның Өзбекстаннан басталатыны белгілі. Хрущев мақта өндірісін көбейту үшін су қоймаларын салуды бастап, миллиондаған гектар жерге суды бұрды. Сонымен Арал сусыз қалды. Сол кездегі орталықтың өткізген жиналысында олардың ұсынысына Қонаевтың «Мақтаны Қазақстанда да еге аламыз» деп айтқаны есімде. Сол үшін Қонаев сенімсізтұлғаға айналды, деді Олжас Сүлейменов.