Ресейлік және америкалық мәнерлеп сырғанаушылар Алматыдағы аренаның атауын өзгертуді қолдады – Спорт

68

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Евгения Медведева және америкалық мәнерлеп сырғанаушы, Төрт құрлық чемпионатының қола жүлдегері Джейсон Браун қайтыс болған Денис Теннің құрметіне Алматыдағы Halyk Arena кешеніне атып беру турады ұсынысты қолдады. Спортшылар видео түсіріп, оны Instagram әлеуметік желісіндегі denisten_official парақшасына жариялады. 

Медведева мен Браун жанкүйерлерден Арена атауын өзгерту туралы петицияға қолдау көрсетуді сұрады. «Біз Денис Тен туралы естелікті сақтауға көмектесуге шақырамыз. Ол мәнерлеп сырғанауға, әсіресе Қазақстанда үлкен үлес қосты. Ол біз үшін жақын адам және жақсы дос болған», – деді мәнерлеп сырғанаушылар.

Денис Теннің құрметіне Алматыдағы Halyk Arena кешенін қайта атау туралы петиция қаңтардың соңында желіде пайда болды. Оған қол қою үшін сілтеме арқылы өту керек. Мәтінде алдымен тілді таңдап, кейін оң жақ бағанадағы жолды толтырып, «Осы петицияға қол қою» батырмасын басу керек.

Алматыдағы Halyk Arena кешені. © yvision.kz

«Денис қазақстандық мәнерлеп сырғанаудың бастауы, еліміздегі осы спорт түрінің негізін қалаушы, ол Қазақстанның халықаралық спортта беделін нығайтуға елеулі үлес қосты. Ол өмірін елінің дамуына арнаған, шығармашыл жастарды, жас спортшыларды және отандастарын шабыттандырып келді және шабыттандыра береді. Біз, Қазақстан азаматтары, қайтыс болуы елімізді ғана емес, бүкіл әлемді күйзелткен көрнекті мәнерлеп сырғанаушының есімін мәңгі қалдырып, кешеннің атын өзгертуді дұрыс шешім деп санаймыз», – делінген құжатта.


© denisten_official/instagram

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz