Рэп орындаушы Децл қайтыс болды – Жаһан

67

Децл лақап атымен танымал болған рэпер Кирилл Толмацкийдің әкесі ұлының қайтыс болғаны туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы орындаушының әкесі Александр Толмацкий Facebook желісінде жазды. 

Әзірге қайғылы жағдайдың мән-жайы белгісіз. 

Кирилл Толмацкий 1983 жылы 22 шілдеде Мәскеуде дүниеге келген. Бірінші рет ол Ресей астанасында өткен Adidas StreetBall Challenge фестивалінің сахнасында өнер көрсетті. Осылайша ол танымал бола түсті. 

2000 жылдары рэпер «Кто ты?» альбомын миллион тиражбен шығарды. Оның «Слезы», «Вечеринка», «Кровь моя, кровь» композициялары ел арасында кеңінен таралды. 

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz