Руслан Иманқұлов министр Роман Склярдың кеңесшісі болып тағайындалды – Ел жаңалықтары

169

Руслан Иманқұлов индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдың кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Иманқұлов жаңа қызметінде министрліктің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысуына, қоғамның ведомство немен айналысып жатқанынан хабардар болуына жауап береді. 

Бұған дейін Иманқұлов «ҚТЖ ҰК» АҚ-да БАҚ-пен жұмыс департаментінің директоры болып жұмыс істеген, азаматтық қорғау органдарында қызмет еткен, ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz