Шетел тілін меңгеру – болашақ мамандардың коммуникативтік құзіреттілігін дамыту

229

Елімізде шетел тілін меңгеру мәселесіне баса назар аударылып,  мемлекеттік деңгейде күн тәртібіне қойылып, орта мектептердің бастауыш сыныбынан оқытыла бастауы қазіргі жаhандану заманыны талабынан туындап отырған қажеттілік, замана талабы деп түсінуге болады.

Әрине бұл тіл саясаты туралы жалпы жұртшылықты айтапағанда тіл мамандары арасында да бірегей де бірыңғай деген пікір көзқарас жоқ. Ана тілін, өз ұлтының құндылықтарын білу, қастерлеу әр адамның азаматтық борышы десек, ал  шетел тілін меңгеру бүгінгі студент, болашақ мамандардың қазіргі заман ағымына ілесу, ақпарат алу, тәжірибе алмасу, мәдени аралық мәселелерден хабардар болу үшін, оның ішінде әлемдік негізгі ақпарат көзі жарық көретін ағылшын тілін меңгеру қажеттігін саналы түрде мойындауға тура келеді. Әрине ана тілі тіл шетел тілін үйренудің негізгі тірегі екенін айта отырып, оған мән берілері анық. Ал жоғарғы оқу орнында  болашақ мамандарға  шетел тілінің негізін меңгерумен шектелмей, коммуникатиктік құзіреттілікті дамыту мақсатында шетел тілдер кафедрасының оқытушылары еліміздегі жалпы тіл саясатына, тіл мәселесіне қатысты студенттер арасында арнайы бағдарламалар жасап, жыл сайын үйірме клуб жұмыстарын ұйымдастырып әртүрлі шаралап өткізіп келеді. Жалпы елімізде жүргізіліп жатқан «Үш тіл – үш тұғырым» тіл саясаты кафедра оқытушылары үшін тосын нәрсе немесе мәселе емес. Бұрыннан да шетел тілдері кафедрасында бұл мәселе оқу үдерісінің аудиториядан тыс өткізілетін тәрбиелік, танымдық шаралардың  жалғасы іспетті. Ал тіл саясатына республика деңгейінде баса назар аударылып отырған  жағдайда ол жұмыстар кең қанат жайып, жандана түсті десек болады. Жоғарыда атап өткендей, университетте, оның ішінде шетел тілдері кафедрасы оқытушылары студенттердің тіл үйренуге қызығушылығын арттыру және олардың тілдік біліктілігін арттыру мақсатында арнайы бағдарламалар мен тәрбиелік іс-шаралар өткізу дәстүрлі түрде жүргізіліп, әдетке айналып келеді.

Әр факультетте «Үш тіл-үш тұғырым» саясаты аясында және оны насихаттау мақсатында жауапты жетекші оқытушылардың басшылығымен студенттер арасында жоспарлы клуб жұмысы бағдарламасы жасалған. Бұл клубтардың негізгі мақсаты үш тіл мәселесінің мәнін, маңызын, қажеттілігін студенттерге жеткізумен қатар, студенттердің шығармашылық қабілетін ашуды да көздейді. Сөзіміз дәлелді болу үшін жылда дәстүрлі түрде өткізілетін тіл сайысында, оның ішінде талантты студенттердің Абай шығармаларын ағылшын, неміс тіліндегі аудармаларымен таныстыру, баспаға жариялау жұмысы қолға алынған. Студенттер шетел тілін үйреніп қана қоймай, осындай өздерінің шығармашылық қабілеттерін ұштауға да септігін тигізетін сайыстарға белсене қатысып, ат салысады. Биылғы оқу жылында арнайы бағдарлама барысында тілдер күні аясында кафедра оқытушысы Жұбанова К.Х. жетекшілік ететін механика-математика факультетінде студенттер арасында «Сіз неше тілде сөйлей аласыз?» деген тақырыпта студенттер онлайн тіл сайысын өткізіп, олар өздері меңгерген тілдерде құрастырған шығармашыылық жұмыстарының қызықты аудармаларымен таныстырды. Сондай-ақ, география факультетінің оқытушысы және клуб жетекшісі Қарабаева Б. «Абай лирикасы» тақырыбында өткізілген тәрбиелік шараларда студенттер ағылшын тілінде өздері жасаған аудармаларын оқып, әсерлі кездесу жасады. Кафедра оқытушысы, доцент Молдагалиева А.А. факультет көлемінде ғана емес,  университет деңгейінде «Үш тіл-үш тұғырым» мәселесін қамтитын «Yes, I can» атты бағдарламаның жобасын жасап, жоспарлы түрде тіл мәселесінің теориялық және практикалық жақтарына, аударма саласына назар аударып, студенттердің көп тілді меңгерудегі артықшылығын, болашақ мамандардың қазіргі әлемдік еңбек нарқындағы бәсекелестік талабына жауап бере алатындай болуы үшін, кәсіби қабілеттілікпен қатар шетел тілін жақсы, жетік меңгерудің де өте маңызды екенін студенттер санасына жеткізуде үлгі аларлықтай шараның түрі десек болады. «Үш тіл- үш тұғырым» мәселесі кафедра, университет деңгейінде дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын шаралардың бір қатары ғана. Жоғарыда атап өткендей, шетел тілі кафедрасында бұл жұмыс оқу үдерісінің жалғасы ретінде шешімін тауып келе жатқан келелі шаралардың бірі деуге болады. Сөз соңында, университет оқытушылары, оның ішінде шетел тілдері кафедрасы оқытушылары мемлекеттік деңгейде қойылып отырған «Үш тіл-үш тұғырым» саясатының  жастардың болашағы үшін  өмір талабы екенін жете түсіне отырып, оның мәнін, маңызын, қажеттілігін жастар арасында насихаттауда іс жүзінде аса жауапкершілікпен өз үлесін қосып отырғанын атап айтқымыз келеді.

 

Баймұратова И.А., Ғұмарова Ш.Б.,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің филология және әлем тілдері факультеті, шетел тілдері кафедрасының оқытушылары