Тоқаев президент сайлауында 70,13%-пен жеңіске жетті – «Қоғамдық пікір» институты

27

«Қоғамдық пікір» институты – Қазақстандағы Exit-poll , яғни дауыс берген азаматтар арасындағы жасырын сауалнама жүргізген ұйымдардың бірі

«Қоғамдық пікір» институты жүргізген Exit-poll нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13% дауыспен жеңіске жетті. Бұл туралы институт басшысы Айнұр Мәжитова баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды SputnikҚазақстан тілшісі

Айта кетсек, Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының алдын ала қорытындысын 12 сағат ішінде жариялайды.