Тоқтаусыз құлдыраған Brent мұнайының бір баррелі 16,95 доллар болды

83

Brent маркалы мұнайдың маусымдық бағасы – бір баррелі 17 доллардан да төмендеп, рекортық деңгейдегі құлдырауын тоқтатпауда. Мұны Лондон қор биржасының ICE сауда-саттық мәліметтері растайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мұндай құлдырау 2001 жылдың 19 қарашасынан бері алғаш рет тіркелген. Бүгін – 22 сәуірде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10.00-де әлемдік нарықтағы бұл мұнай түрінің бағасы одан әрмен тағы құлап жатыр. Бір баррелі 16,95 долларға әрмен төменге кетті.